Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әртістер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әртістер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақтың латыннегізді жаңа әліпбиінің жалпыхалықтық талқылауы халқымыздың тарихи қадамы болды. Бұл оқиға қазақстандық қоғамның бірлігін көрсетіп берді. Біздің шығармашылық ұжымдарымыз қазақтың заманауи мәдениетін шетелде дамыту үшін әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп жатыр", - деді Елбасы Астанада шет тілдерден аударылған 100 жаңа кітаптың таныстырылымында.
"Біз өзімізге дейін барлық тәуелсіз елдер немен айналысса, соны жасап келеміз. Әрбір ел өз тарихы мен мәдениетін, барын насихаттағысы келді. Сондықтан таңғалудың реті жоқ, қазақ халқы да бүкіл әлемге өз мәдениеті мен тарихын, барын паш еткісі келеді. Себебі біз әлем қауымдастығының бөлігіміз", - деді Президент.