Елбасы судьяларға қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес берді

21 Қараша 2016, 13:50
0
Елбасы судьяларға қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезі барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жиналған судьяларға кезiнде даугерлердi бiр ауыз сөзбен тоқтатқан қазақ билерiнiң шешендiк сөздерiн оқуға кеңес бердi, - деп хабарлайды Baq.kz.

"Билерiмiздiң iстерiн бәрiмiз бiлемiз. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидiң, бер жағында Бұқар жыраудың айтқандарын оқып отырыңыздар. Олар бiр ауыз сөзбен екi жақты жақындастырып, дауларды шештi. Сөзге тоқтаған қазақ келiсiмге келiп, айыппұлын төледi. Негiзiне келетiн болсақ, содан берi онша ештеңе өзгерген жоқ. Бастысы - әдiлдiк. "Әдiл биде ағайын жоқ" деген сөз бар. Қазақпыз ғой, ағайынсыз, жұрағатсыз, жекжатсыз болмаймыз. Дегенмен, елдi тәртiпке келтiру керек", - дедi Мемлекет басшысы. 

Елбасы атап өткендей, мемлекет соттарды қолдап, судьяларды қорғау керек, ал олар өз шаруасын жақсылап атқаруы қажет.

Айта кетейiк, Астанада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар - барлығы 600 делегат қатысып жатыр. Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай