12 шілде 2014 13:34

Елбасы сынға алған шағын аудан жаңбырға төтеп бере алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Ақтөбе" шағын ауданы. КТК телеканалының кадры "Нұр Ақтөбе" шағын ауданы. КТК телеканалының кадры

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша "Нұр Ақтөбе" шағын ауданында салынған көпқабатты үйлер жазғы жаңбырға шыдас бере алмады. Өткен түнде 10-шы және 11-ші үйлердің тұрғындары қатты зардап шеккен екен. Кешкі сағат 9-дан кейін жаңбыр жауғанда жоғарғы қабаттағы пәтерлерді су басқан. Төбеден су сорғалап, тіпті ол бірінші қабатқа дейін жеткен, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша "Нұр Ақтөбе" шағын ауданында салынған көпқабатты үйлер жазғы жаңбырға шыдас бере алмады. Өткен түнде 10-шы және 11-ші үйлердің тұрғындары қатты зардап шеккен екен. Кешкі сағат 9-дан кейін жаңбыр жауғанда жоғарғы қабаттағы пәтерлерді су басқан. Төбеден су сорғалап, тіпті ол бірінші қабатқа дейін жеткен, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Біз үйде болған жоқ едік. Көршілеріміз хабарласып, болған жайды баяндады. Үйге кірген кезімізде кілемдеріміз суда қалқып тұрғанын көрдік. Тура кинодағыдай секілді. Жиһаздарымыз, тұрмыстық техника, киімдерімізге дейін бәрі бүлінді", - дейді "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданының тұрғыны Жадыра Оразова. 

"Енді біз не істейміз? Қалай болады? Бұл пәтерді біз қандай қиындықпен сатып алдық! Ай сайын 40 мың теңге несие төлейміз. Түнде ұйықтайтын жер таппадық. Бірде-бір құрғақ жер жоқ. Балалармен далада жүрдік. Барлық қызмет түріне және әкімшілікке дейін хабарластық. Ешкім келген жоқ", - деді  тағы бір тұрғын Гүлбағдат Күлдиева. Гүлбағдат сондай-ақ бұл пәтерді 20 жыл күткенін де айтты. Бұған дейін күйеуі және екі баласымен бірге жатақханада тұрған екен. 

Арты дауға ұласып отырған бұл жаңадан салынған үйлер осыдан жарты жыл бұрын пайдалануға берілген. Бұл үйлер мемлекеттік бағдарламамен кезекте тұрғандарға және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы несие алғандарға берілген. 

Төтенше жағдай орын алған жерге келген әкімдік өкілдері шатырда су ағызатын құбырдың жарылуынан үйлерді су басты деген болжам айтып отыр. "Екі подъездегі канализация нөсер жауынның суына шыдас бере алмай, жарылып кеткен. Әрине, мен болған жайдайға байланысты тұрғындардан кешірім сұраймын. Кішкене сабыр сақтаса, бәрі қалпына келеді", - деді Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі Геннадий Дудаков.

Енді қанша уақыт шыдау керек екені әлі белгісіз. Шенеуніктер әрбір пәтерді тексеріп шығуға уәде берді. Арнайы комиссия құрылып, акт толтырып, шығынның мөлшерін бағалайды. Жауапкершілік мердігер компанияға жүктелетін болады. 

"Кепілдік міндеттемеміз бар. Жөндеу жұмыстарын толықтай жүргізіп береміз. Бүгін әрбір пәтерді аралап, шығындарды анықтаймыз. Зардап шеккен әрбір пәтерді ретке келтіреміз", - деді «Ақтөбе сәулет» ЖШС директоры Арнұр Ақмәди. 

Бұл қалашыққа 2020 жылға дейін әлі жүздеген үй салу жоспарлануда. Бірақ аты дардай болған осы құрылысты жақында ғана Елбасының өзі сынап кетті. Тіпті президенттің «сити емес, ауыл сияқты» дегенін ел нақыл сөзге айналдырып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети