25 қыркүйек 2017 | 20:24

Елбасы Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президентінің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар оның есімі мен ел алдындағы еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өтті. 

Ұзақбай Қараманов - еңбек жолын 1959 - 64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб қызметінен бастады. 1990-1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болған. 1991 жылдың қазан айынан 1995 жылға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі болып қызмет атқарған. 1999 жылдың қазан айынан ҚР Парламенті Мәжілісі 2-шақырылымының депутаты, ал 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісі 3-шақырылымының депутаты болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети