1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елбасыдан бата алған, бүгiнде азамат болған өрендер жайлы кітап Ақорда сайтына жүктелді

Кітап суреттері Кітап суреттері

Қазақстан Президентінің дербес парақшасына Елбасыдан бата алған, бүгiнде азамат болған өрендердiң Тәуелсiз елiмiздiң дамуына қосқан өзiндiк үлестерiн баяндайтын "Президент пен перзент" атты кітап жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Жинақта Елбасының алдында талантымен танылып, ризашылығына бөленіп, алғысын алып, тілегін тыңдаған балалардың өнері мен өмірі жайлы мол мағлұмат беріледі. Білімі мен тәрбиеге ақыл мен қайратты ұштастырып, белгілі бір белесті игерген кешегі балалардың - бүгінгі даралардың жетістігі елге таныстырылады", - делінген хабарда.

Қазақ тілінде жарық көрген кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.