09 сәуір 2019 13:30

Елбасымен ақылдастым - Тоқаев сайлау өткізу жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімнің маңызды және қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімнің маңызды және қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 9 сәуірде Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеп, жарлыққа қол қойды. 

"Осы мәселе бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым, Парламенттің екі палатасының спикерлерімен талқыладым, еліміздің премьер-министрімен де талқыладым. Осы шешім жайлы Конституциялық кеңестегілермен де ақылдастым, партия лидерлерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім - маңызды және қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын. "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы сөзі

Ал 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін және оның адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети