29 шілде 2019 09:35

Елдегі ауа райы: Найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады

pixabay.com pixabay.com

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер 29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел мен найзағай ойнап, шаңды дауыл болады деп болжайды.

29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр секунд болады. 

Нұр-Сұлтан қаласында 29 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр секунд болса, Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай болып, оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел  күндіз екпіні 15-20 метр секунд болады.

Қостанай облысының да кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде түнде 15-20, күндіз 15-20, жел екпіні 23 метр секунд болады. 

Қызылорда облысында найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 метр секунд деп болжанады.

29 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Шаңды дауыл болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 метр секунд деп.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 метр секунд.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети