08 сәуір 2014 13:36

Электр энергиясының бағасы тұрақты болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмасадам Сәтқалиев ©Тengrinews.kz Алмасадам Сәтқалиев ©Тengrinews.kz

Электр энергиясының бағасына қатысты мәселе құзырлы орындардың бақылауында деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке сілтеме жасап.


Электр энергиясының бағасына қатысты мәселе құзырлы орындардың бақылауында деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының биылғы жолдауына қатысты орындалып жатқан жұмыстар жайын баяндаған ол бір қатар мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

"Электр энергиясының бағасына қатысты мәселе бірнеше мемлекеттік мекемелердің бақылауында", - деді ол. Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азияның электр жүйесімен паралел жұмыс істейтіндіктен, энергиядан тапшылық сезілетінін атады. "Осы орайда біз Қырғызстаннан электр энергиясын сатып алып отырмыз. Оларда мүмкіндік бар кезде біз олардан сатып аламыз", - деді А.Сәтқалиев.

"Екібастұз ГРЭС-1 станциясының қуаттылығын арттыру басты жоспарда. Станцияны қайта жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін қуатын арттыруды жоспарлаудамыз. Екібастұз ГРЭС-1 станциясының қуаты жобамен 3 мың мегаватт болса алдағы уақытта, ол 4 мың мегаватқа жеткізіледі. Осы арқылы компанияның инвестициялық тартымдылығын күшейтеді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кететіні, бүгінде «Самұрық Энергоның» табысы жоғарылап отыр. Мәселен, 2013 жылы жалпы кіріс 41 миллиард теңгені құраған.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети