23 қаңтар 2014 11:40

Электр қармақтар сайттарды жабуға себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото blogotshelnika.ru сайтынан Фото blogotshelnika.ru сайтынан

Электр қармақтар және оларды құрастыру жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан аумағындағы 15 сайтты жабуға себеп болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облысы табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасына сілтеме жасап. Қадағалаушы органның осы туралы талабын Ақтөбе қалалық соты қанағаттандырды. Мұндай шара қолдануға браконьерлердің электр қармақтарды жиі пайдалануы себеп. Бұл дәстүрлі әдіске қарағанда, әлдеқайда жылдам. Экологтердің айтуынша, балықты бұлай аулау табиғатқа орасан нұқсан келтіреді. 2013 жылы Ақтөбе облысында табиғатты қорғау заңнамасы 289 рет бұзылған. 39 адам тәртіптік, алтауы жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылды. "Әрекет ету шараларының негізінде мемлекетке 7,3 млрд теңге көлемінде табыс түсті", - дейді прокуратураның баспасөз қызметі. Еске салайық, 2013 жылдың қазан айында Семейде Ертістен электр қармақтарды пайдаланып, 15 келі балық аулаған екі ер адам ұсталған болатын. Олар қармақтарды интернет-ресурстардың бірінде көрсетілген мәлімет бойынша құрастырған. Елімізде мұндай құралдарды пайдалануға тыйым салынған, заң бұзғандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети