20 наурыз 2014 19:48

Елеусізов "Табиғаттың" қаржылық қиыншылыққа тап болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэлс Елеусізов. ©Дмитрий Хегай Мэлс Елеусізов. ©Дмитрий Хегай

"Табиғат" одағы қаржылық жағынан қиыншылыққа тап болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне одақтың төрағасы, әрі осы уақытта жалғыз қызметкері болып қалған Мэлс Елеусізовтың өзі айтты. Қазақстанның Бас экологы атап өткеніндей, "Табиғат" одағының құрылғанына биыл 25 жыл толды. "Одақ бұған дейін жұмысын еш уақытта тоқтатқан емес және мен тірі тұрғанда тоқтатпайды да. Менің негізгі жұмысым қоғамдық бастама көтеру еді. Шынын айтсам, дәл қазіргі уақытта отырған жерімді жалдауға қажетті ақшаны да таба алмай отырмын. Қызметкерлерімнің жұмыс істемегеніне де біршама уақыт болды", - деді Елеусізов. Ол сондай-ақ, қызметкерлеріне 2013 жылдың мамыр айынан бері жалақы төленмегендіктен, ақысыз демалысқа жібергенін де тілге тиек етті. Елеусізов "Табиғат" одағы қоғамдық ұйым болып табылатындықтан, бұған дейін қаржының негізгі бөлігін ерікті топтар бөліп келгенін, ал ұйымдастыру жұмыстарын өзінің туған балалары атқарып келгенін айтты. Одақ жобаларын мемлекеттің те қолдамайтынын жеткізді. Сол себепті бас эколог демеуші іздеуге мәжбүр. Еске саламыз, Елеусізов 2013 жылы желтоқсан айының соңында Алматы әкімдігімен арада болған сот отырысында жеңіліп қалған болатын. Ол кезде қала билігі бас экологты дәйексіз ақпарат таратты деп айыптап, бұқара алдында кешірім сұрасын деп талап қойған. Сол сотта жеңіліс тапқан ол сот үкімін қайта қарауға шағым түсірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети