Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Еліміз Ресейден экологиялық шығын талап ете бермек

04 Ақпан 2014, 17:35
1
Қазақстан Ресейге экологияға келген шығын жөнінде үнемі ескертіп отырады, бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша айыппұлды ("Протон-М" зымыран тасығышының құлауына қатысты) қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Өзіміздің 13,6 млрд теңге көлеміндегі талабымызды қойдық, сондықтан біз олардан жауап күтеміз, үнемі ол туралы еске салып тұрамыз. Бұл оңай мәселе емес, біз бұдан кейін де талабымызды қоя береміз", - деді министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Роскосмос жетекшілерімен хабарласып, Ресей тарапының "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты шығын өтеу туралы талап жазылған хатты алғанын анықтаған.

"Байқоңыр" ғарыш айлағында үш байланыс спутнигі бар "Протон-М" аппараты өткен жылдың шілдесінде құлаған еді. Қараша айында Қазақстан бұл оқиға салдарынан экологияға келген шығынды есептеп шығарды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай