1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елімізде 1 қаңтарда ауа райы қандай болады?

© pixabay.com © pixabay.com

1 қаңтарда еліміздің көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын болады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлердe тұман, қар жауады, бұрқасындатып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында боран соғып, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, кей жерлерде қар жауады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады. Ақмола және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

БҚО-да, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, тұман болады деп болжанған. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар және Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші секундына 25 метрге дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарында кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. 

Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тұман болады деп болжанады. Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды.