24 сәуір 2018 12:35

Елімізде 226 мыңнан аса азамат жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 44 мың отбасыдан тұратын 226 мың аз қамтылған азаматқа берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Олардың ішінде 43 мың шамасында азамат шартсыз, ал 183,5 мың азамат шартты ақшалай көмек алды.   

Мемлекет Басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап шартты және әлеуметтік келісім шартқа негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.

Жаңа форматағы АӘК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің бар екендігін ескере отырып, шартты және шартсыз ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен табысы бар отбасыларға беріледі және олар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысады.

Сонымен қатар, АӘК-тің орындалуы нәтижелері бойынша бірқатар өңірлерде мемлекеттік қолдаудың арқасында азаматтар өздерінің жеке істерін ашты. Мәселен, Актөбе, Алматы, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқа мерзімді оқудан өткен әйел азаматтар отбасыларының тұрақты табысына айналып отырған өздерінің жеке тігін шеберханаларын ашты.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети