06 желтоқсан 2016 12:32

Елімізде екі аптада 800-ге жуық ескі көлік қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Елімізде ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталғалы бері қазақстандықтар 800-ге жуық темір тұлпарын өткізген, - деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы бағдарламаны жүзеге асырушы "Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі операторының" өкілі Әсел Назирова хабарлады.


Елімізде ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы басталғалы бері қазақстандықтар 800-ге жуық темір тұлпарын өткізген, - деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы бағдарламаны жүзеге асырушы "Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі операторының" өкілі Әсел Назирова хабарлады.

Қазіргі уақытта тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдайтын жылжымалы бекет Талғар қаласында жұмыс істеп тұр. Анапия есімді азаматтың темір тұлпарының зауыттан шыққанына биыл 30 жыл болыпты. Ескі көліктерді қабылдайтын жылжымалы бекет Талғарға жетті дегенді ести сала бірден осында келген.

"Машинаны 11 жыл болды айдағаныма. Тұрып қалғанына 5 жылдай болды. Үйде шіріп жатқаннан 150 мың болса да өткергенім дұрыс қой. Ақша ғой енді", - Талғар қаласының тұрғыны Анапия Абатов.

Бүгінде жылжымалы бекет Алматы облысынан басқа Оңтүстік Қазақстан облысында да жұмыс істеп тұр. Үшінші топ жақын күндері Қарағандыға жол тартады. Жалпы еліміздің 16 қаласында ескі көліктерді қабылдайтын орын бар. Көлік құны екі санат бойынша анықталады.

"Шанағы, есік-терезесі, капоты, жүксалғыш қақпағы орнында тұрса болды. Жүрмесе де қозғалтқышы мен беріліс қорабы, радиаторы бар, төрт дөңгелегі түгел, аккумуляторы бар машина 150 мың теңгеге бағаланады. Ал, осы бөлшектері жетіспейтін көліктерді 48 мың теңгеге аламыз", - "Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі операторы" ЖШС өкілі Әсел Назирова.

Жылжымалы бекет шарасы аясында жауапты компания қарт адамдарға үйден шықпай-ақ көлігін өткізуіне жағдай жасап отыр. Алдағы күндері Есік қаласы тұрғындарының ескі машиналарын қабылдауды бастайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети