25 қазан 2016 15:05

Елімізде жарнамашылардың қызметіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасында жарнама саласындағы уәкілетті органды - жарнама мәселелері бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүргізетін орталық атқарушы органды (ҰЭМ) анықтау ұсынылады. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар жеке салада басшылық жасайтын мемлекеттік органдар болып табылады", - дейді министр.

Заң жобасында Қазақстан аумағында, оның ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі. Сондай-ақ жарнама саласындағы тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді. Заң жобасында теле, радиоарналар бір ай ішінде өтеусіз негізде жарияланатын жарнамалардың бір пайызы көлемінде әлеуметтік жарнама орналастыруға міндеттеледі екен.

"Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсаттың қолданыс мерзімін ұзарту көзделіп отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыруға 1 жыл мерзімге рұқсат беріледі. Жарнама беруші жыл сайын рұқсат беру органдарына құжат тапсырып, жарнаманы орналастыру мерзімін ұзартып жүр. Бұл қосымша әкімшілік кедергі болып табылады. Осыған байланысты рұқсат мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту ұсынылады", - дейді министр.

Заң жобасында 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанған.

Оның айтуынша, Заң жобасы арқылы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске жарнама саласындағы заңнаманы бұзғаны, тауарлардың бағаларын ұлттық валютада көрсетпегені, биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсаттың мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ жарнама саласындағы рұқсат беру құжаттарын, олардың қайталануына байланысты оңтайландыру бойынша түзетулер енгізіледі.Сондай-ақ, "Автомобиль жолдары туралы" Заңға автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру құжатының (паспорт) түрін нақтылау мақсатында түзетулер енгізу көзделеді.

"Заң жобасын қабылдау жарнама қызметін мемлекеттік реттеу тәсілдерін жүйелеуге, жарнама туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік жарнама рөлін күшейтуге және ұлттық валюта мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді", - дейді Бишімбаев.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети