24 сәуір 2014 15:03

Елімізде жолдардың жарамдылық мерзімі бірнеше жылға ұзарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mts.gov.kz ©Mts.gov.kz

Жаңа технологиялар Қазақстандағы жолдардың жарамдылық мерзімін бірнеше жылға ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазжол" ғылыми-зерттеу институтының президенті Бағдат Телтаевқа сілтеме жасап.


Жаңа технологиялар Қазақстандағы жолдардың жарамдылық мерзімін бірнеше жылға ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазжол" ғылыми-зерттеу институтының президенті Бағдат Телтаевқа сілтеме жасап.

Телтаевтың айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде сарапшылар асфальт сапасы мен жол жабынын жөндеуді жақсарту бойынша жаңа технологияларға зертханалық сынақ жүргізді. Кейін сол технологияларды қолдану үшін тәжірибе учаскелері салынды. Биыл құрылысшылар жол салған кезде сол жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды бастайды.

Жол құрылысына енгізілетін технологиялардың бірі - жұқа қорғаныс қабаты. "Қалыңдығы 1 см болатын бұл қабат жолдың қымбат конструкциясын  автокөлік дөңгелектері мен климаттық әсерлерден 7-8 жыл бойы қорғамақ. Біз бұл жабынды алмастырып тұрамыз, ол салыстырмалы түрде айтқанда, арзан, ал жолдың құрылымының өзі қорғалған күйі сақталады", - дейді Телтаев.

Тағы бір технология - жылы асфальтбетон. Оның артықшылығы - мейлінше төменгі температурада төсеуге болады, сол себепті энергияны аз шығындап, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды да аз таратады. Телтаевтың айтуынша, бұрын Қазақстанның республикалық жолдарының әрбір учаскесі, орташа есеппен, бес жылда бір рет жөнделетін. Енді жаңа технологиялардың арқасында жөндеу 6-8 жылда бір рет жүргізілетін болады. Бұл тәжірибелер Еуропа, АҚШ, Қытай мамандарынан алынған, бірақ қазақстандықтар өз тарапынан айтарлықтай өзгерістер енгізген. "Егер америкалық қоспаны пайдаланатын болсақ, ол біздің климаттық жағдайымызда тез бұзылған болар еді", - дейді Телтаев.

"Қазжол" ҒЗИ мамандары, сонымен бірге, жолдардың жағдайын тексеретін жаңа жылжымалы зертхана кешенін меңгеріп жатыр, ол жол құрылысы кезінде жабынды терең зерттеуге мүмкіндік береді. "Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы - 23,5 мың шақырым. Біздің мақсатымыз - осы құрылғының көмегімен барлық жолға тұрақты мониторинг жасап тұру", - дейді мекеме басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети