31 қазан 2016 22:28

Елімізде қыс басталмай жатып 70-тен астам адам пеш түтініне уланып өлген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24banya.ru © 24banya.ru

Елімізде қыс басталмай жатып кәдімгі пештен 70-тен аса азамат уланып өлді, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Елімізде қыс басталмай жатып кәдімгі пештен 70-тен аса азамат уланып өлді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайғылы оқиғалар көбіне ұйқыда жатқанда болған. Марқұмдардың арасында бесіктегі балалар да бар. Құтқарушылар мұны көбіне жұрттың немқұрайлығынан деп отыр. Яғни, есік аузындағы пешке жүрдім-бардым қарап, тіпті құбырын тазалауға да ерінетіндер бар екен.      

Қатты жаурағанда түбіне тығыла кететін кәдімгі пеш соңғы кездері жылытып қана қоймай, жұрттың жанын да алып жүр. Әсіресе, суық өңірлерде ондаған адам уланып өлген.

"900-ден астам адамдар ауруханаға жатқызылған осы уланғаннан және де 70 адамнан астам адамдар қайтыс болды", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Десе де құтқарушылар көмірден еш кінә жоқ дейді. Қайғылы жайттар көбіне жұрттың немқұрайдылығынан болады екен. От жаққандар пештің өзі тұрмақ, құбырына да мән бермейтін көрінеді. 

"Ешкім келіп тазалап бермейді ғой. Әркім өзі үшін тазалау керек. Немқұрайды қарайды да бір сөзбен айтқан кезде. 9:40 Алдында кемшілігі бар, от түскен, шоқ түскен жағдайда қаупі бар, және мына жарықтар бар пештің бетінде міне жарықтар тұр ғой осы жарықтардан кетеді көбінесе...", - деді Алатау ауданы ТЖБ аға инженері Рауан Байларов, 

Былтырдың өзінде 100 адам пештен уланып, әрең дегенде тірі қалған екен. Ал соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғалар көбіне -Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік  Қазақстан облыстарында болған. Әлі көгілдір отын жетпеген аймақтар жылынамыз деп ұрынған. Сорақысы сол, пештен иістенгендер иісін бірден сезе қоймайды екен. Бастапқыда басы ауырғандай боп, көзін ашиды. Кейін тынысы тарылып қалады. Ал ұйқыдағылар тіпті сеспей қатады. Адам мұрны сезбегенді бірден анықтайтын арнайы құрылғылар бар екен. Бірақ, қондырғы бәріне бірдей жетпеген соң құтқарушылар оны тек аз қамтылған отбасыларға ғана таратуда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети