12 қаңтар 2019 14:05

Елімізде қызылшаның 968 жағдайы тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 776 жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 776 жағдай, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі - 649 жағдай (67 пайыз), оның басым бөлігі (61 пайыздан аса) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 70 жағдай (11 пайыз).

Қазіргі уақытта қызылшаның жоғары тіркелуі Астана қаласында - 771 жағдай, Алматы қаласында - 52 жағдай, Ақмола облысында - 37 жағдай байқалады; басқа облыстарда аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркеледі.

Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.

Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети