11 қараша 2017 18:38

Елімізде "Сакральды Қазақстан" жобасы жүзеге асырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың сәуір айында "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты мақаласын қазақстандық жастар ерекше ықыласпен қабыл алғаны белгілі. Өйткені, қоғамның трансформациялануы үшін жаңа идеялар, жаңа бағыт керек болатын. Ал Елбасының бастамаларын орындау бірінші кезекте жастарға жүктелген міндет әрі жастарға берілген мүмкіндік еді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынсілтеме жасап. 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың сәуір айында "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты мақаласын қазақстандық жастар ерекше ықыласпен қабыл алғаны белгілі. Өйткені, қоғамның трансформациялануы үшін жаңа идеялар, жаңа бағыт керек болатын. Ал Елбасының бастамаларын орындау бірінші кезекте жастарға жүктелген міндет әрі жастарға берілген мүмкіндік еді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынсілтеме жасап. 

Президент мақаласы жарық көрген бес айдың ішінде Қазақстан қоғамы түрлі өзгерістерді бастан кешіріп келеді. Мақалада айтылған әлемдегі үздік ғылыми-әдеби туындыларды аудару жұмысыбасталып кетті. Қасиетті мекендерді түгендеп, олардың біздің санамыздағы орнын, бағасын арттыруға бағытталған "Сакральды Қазақстан" жобасы да жүзеге асырыла бастады. Туған жерге қамқорлық жасау мәселесі де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Гуманитарлық ғылымдарға да көңіл аударыла бастады. Гуманитарлық мамандықтарға бөлінетін білім гранттарының өскені соңғы айтқандарымызға нақты дәлел. Демек, "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты бағдарламалаық мақалада айтылғандар қысқа мерізім ішінде жүзеге асырыла бастады. Ал бұл істе жастардың рөлі зор.

Негізі Елбасы мақаласында айтылған бастамаларды жүзеге асыру үшін жастардың білімді, білікті, прагматик болғаны керек. Жақында ғана Парламентте таныстырылған қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін қолданысқа енгізу, оны жетілдіру де жастардың қолында. Бүгінде латын әліпбиіне өту мәселесін қызу талқылап жатқандар да жастар. Өйткені, жаңа қаріптерді пайдаланып, оны үлкендерге үйрету ісі жастарға жүктелері сөзсіз. ХХІ ғасырдың қарқынды дамыған ақпараттық технологияларына ілесу үшін латын әліпбиіне көшу қажет екендігін қоғам жақсы түсініп, мойындап отыр. Тек әліпби ауыстыру мәселесінде қателікке ұрынбау үшін жан-жақты талқылау жасалып жатыр. Жастардың білімі мен білігі, прагматизмі осы кезеңде тіптен қажет бола түсуде. Қазақтың "жас келсе-іске" дейтіні де содан. Яғни, жаңалықтың жаршысы жастар болып отыр бүгінде.

Жалпы, "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты мақаланы жан-жақты сараптауға болады. Мақалада нақты көрсетілген бағыттардан бөлек, астарында терең мән жатқан ойлар да бар. Мәселен, Президент прагматик болуды айтады. Қазақты таныммен қарастырар болсақ, мұныңыз істің ебі мен ыңғайын білу, заман ағымына ілесе білу дегенді білдірсе керек. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтарға бірнеше мәрте айтқан мобильділік мәселесіне назар аудармай кетуге болмайды. Жеделдік, қозғалысқа бейім болу, бір орында қайырлап қалмау бүгінгі жастарға қойылатын басты талаптардың бірі. Өйткені, жастар қандай да бір аймақтарға шоғырланып, мобильділік танытпайтын болса еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігі бұзылары сөзсіз. Оған қазірдің өзінде мысалдар жеткілікті.

Мәселен, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде еңбек нарығында түрлі мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Сәйкесінше, оңтүстік аймақтарда халық саны мол, еңбек нарығында мамандарға деген сұраныс өте аз. Міне, мұндай жағдайда жастардың мобильділік танытып, елдің түрлі өңірлеріне барғаны, сонда жұмыс істегені, білім алғаны, отбасын құрғаны маңызды болып отыр.

Сонымен қатар, рухани жаңғыру үшін халықытң белгілі бір құндылықтарын сақтай білу де өзекті болмақ. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, еңбекқор болу, білімге ұмтылу, отбасын қастерлеу тәрізді құндылықтар кез келген заманның талабына жауап беретін, ескірмейтін қасиеттер. Дәстүрдің озығын алып, тозығын тастамаққа бекінген қазіргі кезеңде осындай игі қасиеттерімізді сақтау да жастардың мойынында. Өйткені, ұлттық жақсылығы мен асыл құндылықтарын келесі буынға бүгінгінің жастары тапсыратын болады. "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" атты Президент мақаласын жастар осылай түсінгені керек бізге. Қазақстан жастары бұл мәселеде аға буынды жерге қарата қоймасы анық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети