Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елімізде тіркеуде тұрмаған шетелдік телеарналардың хабар таратуына тыйым салынуы мүмкін

16 Қыркүйек 2014, 20:01
0
Тengrinews © иллюстрациясы
Тengrinews © иллюстрациясы

Елімізде есепке тұрмаған шетелдік телеарналардың хабар таратуына тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкоға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы территориясында жұмыс істеп жатқан ресейлік телеарналардың тең жартысы құзырлы мемлекеттік органда тіркеуге алынбағандығы бізді қатты алаңдатады. Олар сол жерге барып, тіркеуге тұруға тиісті (...) Қазір бұл мәселені үкімет алдында көтермекпіз. Біз құзырлы органға барып, тіркеуге тұрмаған арналардың Қазақстан территориясында хабар таратуына тыйым салынуы керек екенін айтамыз" - деді Кравченко экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұруға қатысты заң жобасы талқыланып жатқан жоғары палата комитетінің отырысы барысында осы негізде сауал қойған Сенат депутатына берген жауабында.

"Бұл арада ҚР территориясында белгілі бір провайдерлер арқылы жасалады деген меңзеу көп болады, яғни "біз өз ақпаратымызды бұнда таратпаймыз-мыс" дегендей, мұны кәсіпкерлер жасайды. Бұл кәсіпкерлерге, жалпы арналарға белгілі бір шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Біз бұл салада әйтеуір тәртіп орнатамыз деп сенемін. Оның қандай құралдар арқылы жасау керектігін де жақсы білеміз" - деді Кравченко.

2012 жылдың 1 наурызында "Телехабарларды тарату туралы" заң қабылданған. Ондағы заңдық нормаларда, мемлекет шетелдік телеарналарға 2013 жылдың 1 наурызына дейін құзырлы органның тіркеуіне тұру туралы талап қойып, ал бұлай жасамағандарды кабельдік, спутниктік операторлардың хабар тарату желісінен шығарып тастайтындығы хабарланған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай