Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Еліміздегі 9 ЖОО халықаралық рейтингте үздіктер қатарында

15 Қыркүйек 2014, 15:57
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстанның тоғыз жоғары оқу орны халықаралық рейтингте үздіктер қатарына енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде QS рейтингі (университеттердің халықаралық рейтингі) бойынша біздің жоғары оқу орындарымыз ТОП-300-ге енеді, ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ТОП-400-дің құрамында, тағы жеті университет ТОП-800-ге енеді. Біз мұны жақсы нәтиже деп есептейміз, перспективалар бар", - деді Балықбаев.

Ол қазақстандық ЖОО-лардың аккредитациядан өткізілетінін айтты. "2010 жылы Болон процесіне қосылғанымыз белгілі, оның қағидалары енгізілген. Ол үшсатылы білім беру - бакалавриат, магистратура, докторантура, бұған қоса, әрине, басқа да модельдер бар. Маңызды жайттардың бірі - сапаны қамтамасыз етудің жаңа жүйесі. Аккредитациялаудың бұл жүйесін қазір енгізіп жатырмыз, бұл жүйе бойынша Қазақстанда екі аккредитациялау агенттігі мен тағы сегіз әлемдік агенттік жұмыс істейді", - деді Балықбаев.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай