Еліміздегі дүкендердің бірінде 100 теңгеге жылынып алу ұсынылды

17 Қараша 2016, 20:29
0
Еліміздегі дүкендердің бірінде 100 теңгеге жылынып алу ұсынылды -

Желіде жарияланған ерекше хабарлама қазақстандықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздегі дүкендердің бірінде 100 теңгеге жылынып алуға болатыны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде тараған. Бірақ бұл хабарламаның авторлары кім екені белгісіз.

Еске сала кетейік, осыған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Астанада мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылғаны хабарланған болатын. 

"Білім басқармасының шешімі бойынша 16 қарашада ауа райының қолайсыздығы мен қатты аязға байланысты қала мектептерінің I ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасаған болатын. "Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градус төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда", - делінген болатын синоптиктердің хабарында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай