Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылған

14 Қараша, 09:00
0
Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылған - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін таратылған дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, еліміздегі науқастарға ақысыз үлестірілгенімен, негізі бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.

"Бізге Ресейде қазақстандық мөрмен дәрідәрмектер сатылып жатыр" деп науқастар хабарлап айтты. "СК-Фармация" сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Біз тексеріс жүргізуді бастадық. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғанын анықтасақ, істі сол мезетте Бас прокуратураға жолдаймыз", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Людмила Бюрабекова.

Қазіргі уақытта, телеарнаның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі адам өміріне маңызды дәріні ресейліктерге кімнің заңсыз тасымалдағанын анықтап жатыр. Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмады. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай