07 қараша 2017 16:01

Еліміздің бас шыршасы EXPO аумағында орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Еліміздің бас шыршасы EXPO аумағында орнатылады. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің бас шыршасы EXPO аумағында орнатылады. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының брифингі барысында көрменің 11 қарашада ашылатыны хабарланды. Көрмеге кіру барлығына тегін. Тек тематикалық павильондар мен "Нұр Әлем" сферасы ақылы болып қала береді.

"Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары үшін арнайы мұз айдынын ашайын деп жатырмыз. Оның жалпы аумағы 3500 шаршы метрден асады. Ерекше пішінді болады, біздің елімізде ондай әлі болған емес. Осыған байланысты еліміздің бас шыршасы көрме аумағында орнатылады. EXPO территориясында. Бас шыршамен бірге осыған дейін Хан Шатырда болған мұз айдыны да көшіріледі. Мұның барлығын Астана әкімдігімен бірлесіп жасап отырмыз", - деді Дәулет Еркімбаев.

Сондай-ақ, Еркімбаев мұз қалашығына белгілі бір температураның қажет екенін және сондықтан да ол желтоқсан айының басында ғана жұмыс істей бастайтынын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети