Еліміздің басым бөлігінде дауылға байланысты ескерту жарияланды

04 Тамыз 2017, 11:43
0
Еліміздің басым бөлігінде дауылға байланысты ескерту жарияланды - © pexels.com
© pexels.com

Еліміздің басым бөлігінде дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

Күндіз 5-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 5-6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 5-6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және аса күтіледі.

7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және аса күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай