Еліміздің бірқатар аймағында тас жолдар жабылды

15 Қаңтар 2015, 08:31
0
Еліміздің бірқатар аймағында тас жолдар жабылды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Қолайсыз күн райына байланысты еліміздің бірқатар аймағында тас жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" кәсіпорнының мәліметінше, Ақтөбе облысында боран мен жолдың нашар көрінуі себепті "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" күрежолының Ембі мен Шалқар аралығында көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының Жамбыл облысы шекарасы мен Рысқұлов аралығын жалғайтын жолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл аралықта көліктің кез-келген түріне жүруге болмайды. Мұнымен қатар, дәл осы республикалық күрежолдың Жамбыл облысы аумағындағы Айша бибі учаскесі мен Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы аралығында да боранға байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран, қатты жел соғып, көктайғақ болады деп болжанды. "Қазгидромет" орталығының мәліметіне қарағанда, еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы ашық болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында тұман түседі деп күтіледі. Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында көктайғақ орнап, қалың тұман түседі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай