14 қыркүйек 2015 21:08

Еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.mail.ru © news.mail.ru

Синоптиктер 2015 жылғы 15-17 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Синоптиктер 2015 жылғы 15-17 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазгидромет" РМК өкілдерінің айтуынша, Ресейдің Еуропалық аумағы аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3 градусқа дейін үсік өтуі мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, онымен кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.

Ал YK-news.kz өңірлік басылымының мәліметінше, 14 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығының аймағында қар түсіпті. Синоптиктер осы облыстың өзге аймақтарында да қар жаууы мүмкін дегенді айтып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети