17 ақпан 2016 15:32

Еліміздің бірқатар өңірінде таяу күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 18-20 ақпанға арналаған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 18-20 ақпанға арналаған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райы күтіледі. "Ресейдің Еуропадағы бөлігіне күшті жаңбыр әкелген циклон Қазақстанның батыс облыстарына ығысып келеді. Алдағы үш күнде осы циклонның әсерінен бұл аумақтарда күрделі ауа райы күтіледі: қарлы жаңбыр, көктайғақ, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25-28 метрге дейін жететін қарлы боран болады", - деді олар.

Республиканың басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. "Республикамыздың басқа аумақтарында Сібір антициклонының әсері сақталады. Ол батыс циклонының шығысқа қарай жылжуына жол бермейді. Сондықтан көптеген облыста суық, күн ашық, температура көпжылдық орта мәнге жақын болады. Оңтүстік және орталықта ауа температурасы  нормадан 3-5 градусқа жоғары болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети