29 желтоқсан 2018 15:03

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман, жел және көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© photo.bymedia.net © photo.bymedia.net

Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде бұрқасын болып, жел күшейетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде бұрқасын болып, жел күшейетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 30-31 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыс, батыс желдін күші 15-20 м/с болады.

Астанада да ертең, 30 желтоқсанда бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жел күшеюі мүмкін.

Шымкентте 30 желтоқсанда түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін және Түркістан қаласында да 30 ертең түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жететіні айтылады.

30 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети