11 наурыз 2014 12:24

Еліміздің кеден қызметінде жаңа тағайындаулар болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанның кеден саласында бірқатар тағайындаулар болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметіне Сырым Дыңбаев тағайындалды", - делінген хабарламада. Сырым Дыңбаев бұған дейін осы департаменттің бастығы міндетін атқарушы болған. "Өмірзақ Бейіспеков Беларусь Республикасы кеден қызметі өкілдігінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген министрліктің бұйрығында. Бұл тағайындауға дейін Бейіспеков комитеттің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының жетекшісі болды. Енді бұл қызметті бұрын Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары болған Толқын Баймұханова атқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети