02 шілде 2019 12:23

Еліміздің мейрамханалары жиі бұзатын ережелер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің мейрамханалары жиі бұзатын ережелер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің мейрамханалары жиі бұзатын ережелер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіөкілдерінің мәліметінше, мейрамханалар қызметкерлерінің санын жасырып, касса аппараттарын қолданбаған немесе фискалдық чекті айына 1 рет шығарып, өз кірістерін көрсетпеген.

"Мемлекетімізбен шағын кәсіпкерлік субъектілерін фискалды қолдау шараларын қолдауды жалғастырып келе жатқанына қарамастан, еліміздің мейрамханалары өздерінің кірістері мен жалдамалы жалғастырып жатыр. Комитет аталған саладағы салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын қашықтан бақылауды өткізу барысында елордада және Республикалық маңызы бар қалаларда қызметін жүзеге асыратын әртүрлі интернет сайттарда өз қызметтерін жарнамалайтын әрекеттегі мейрамханалардың тізімі пайдаланды", - деп мәлімдеді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әдіснама департаментінің директоры Жәнібек Нұржанов.

"Бақылаудың алдын ала нәтижелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының 164 мейрамханасы бойынша 37 салық төлеуші салық есептілігінде өз кірістерін көрсетпеген, 31 мейрамхана бойынша жалдамалы қызметкерлер жоқ, және жалдамалы қызметкерлер санын 1-ден 5-ке дейін 41 мейрамхананың көрсеткендігі анықталды. Одан басқа, қаланың 6 мейрамханасында бақылау -касса машиналары жоқ, ал БКМ орнатқан мейрамханалардың ішінде айына 1 рет фискалдық чекті шығаратын - 1 мейрамхана, күніне 1 рет -14 мейрамхана анықталды. Қаланың 34 мейрамханасында БКМ бойынша айналымдары жоқ", - делінген комитеттің хабарламасында.

Осыған ұқсас жағдай Алматыда да анықталған, яғни, 275 мейрамхана бойынша 95 салық төлеуші салық есептілігінде өз кірістерін көрсетпеген, 123 мейрамхананың жалдамалы қызметкерлері жоқ, жалдамалы қызметкерлер санын 1-ден 5-ке дейін 24 мейрамхана көрсеткен. БКМ бойынша: айына 1 рет фискалдық чекті шығаратын - 3 мейрамхана, күніне 1 рет 13 мейрамхана анықталды. Алматы қаласының мейрамханаларының 83-де БКМ бойынша айналым болмаған.

"Салық міндеттемелерін толық көлемде орындамайтын барлық салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдады. Осындай талдау басқа облыстар бойынша да жүргізіліп жатыр", - деді Жәнібек Нұржанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети