27 қазан 2015 10:42

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fonstola.ru © fonstola.ru

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, батыстан шығысқа қарай ауысып бара жатқан циклон кей жерлерде жауын-шашын мен желдің күшеюін тудырады. Осыған байланысты, солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында күнді 3-13 градус жылы болады.

"Қазанның 27-29 аралығында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күндізгі ауа температура 15-23 градусқа дейін көтеріледі, ал батыста керісінше температура 7-15 градустан 0-8 (+) градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады метеорологтар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети