16 маусым 2019 17:44

Елорда әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, дәрігерлерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, дәрігерлерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әкім медициналық қызметтің жұмысымен танысып, қызметкерлермен кездесу өткізді.

"Осы сәтті пайдалана отырып, барлық дәрігерлерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Сіздерге бірінші кезекте денсаулық, амандық және сіздердің игі істеріңізге табыс тілеймін!"- деп елорда әкімі мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қалада 20 000-нан аса дәрігер жұмыс істесе, оның 1000-нан астамы жедел жәрдем қызметінде еңбек етеді. Станция барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жақында 52 жедел жәрдем каретасы сатып алынбақ.

Мекеме жылына 800 000 адамға қызмет көрсетеді, ал күніне бұл сан 2000-ға дейін жетеді.

Айта кетейік, 2019 жылдың 5 айында 259 319 шақыру түскен, соның ішінде БМСК - 67 529 тиесілі. Бригадалардың қатысуымен өлім-жітім 23% - ға төмендеді. Жедел жәрдем бригадаларының орташа келу уақыты 9,5 минутты құрайды (2018 ж.-9,8 мин). Бригадаға шақыру жылдамдығы 2,6 мин (2018 ж. - 2,7). Тәулігіне бригадаға орташа жүктеме 18-20 шақыру (ЭЫДҰ елдерінде - 12-14).

Күн сайын Нұр - Сұлтан қаласы бойынша 110 бригада, оның ішінде ГССМП 82, емханаларда 28 бригада жедел медициналық көмек көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети