26 наурыз 2019 11:31

Елорда атауын өзгертуге қатысты қызу пікірталас туды - Дәурен Абаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың елорданың Нұр-Сұлтан аталуы туралы жаңалықты қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың елорданың Нұр-Сұлтан аталуы туралы жаңалықты қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, байқадым. Елорда атауының өзгеруі қызу пікірталас туғызғанын мойындау керек. Оның ішінде жағымсыз пікірлер де айтылды. Барлығына белгілі бір уақыт керек. Біраз уақыт өтсін, сонда барлығы түсінікті болады. Ақмоланың атауын Астана деп өзгерткен кезде де көптеген мем таралған еді. Сосын уақыт өткен соң біз "Астана" брендіне де үйреніп кеттік", - деді министр Абаев журналистерге.

Еске салайық, 23 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойған болатын. Жарлықта "ҚР əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" деп жазылған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети