18 сәуір 2019 | 12:42

Елорда билігі қалалықтармен кері байланыс орнатудың заманауи форматын қолданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер қала тұрғындарының жергілікті билікпен байланысуының тиімді құралына айналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұрс-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілер қала тұрғындарының жергілікті билікпен байланысуының тиімді құралына айналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұрс-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде өзекті мәселелер бойынша тиісті мағлұмат ала алады. Мәселен, қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram желісіндегі каналы арқылы е-жүйесінің көмегінсіз балабақшаға жөнелтпе хатты алудың мүмкіндігі туралы ақпарат берген.

"Жеке қабылдау өткізгенде азаматтар маған балабақшаға жөнелтпе хатты электронды жүйенің көмегінсіз алу мүмкіндігіне қатысты сұрақты жиі қояды. Әлеуметтік желілерде балаларды "тез арада, кезектен тыс, еш қиындықсыз" балабақшаға орналастыру туралы хабарламалары бар парақшалар пайда болуда. Ата-аналарға "сауалнамаларды" толтыруға береді. Онда тұрғындар ЖСН-мен қоса, өз құжаттарындағы, баланың құжаттарындағы жеке мәліметтерді көрсетуі тиіс. Өздеріне қажетті ақпаратты алған алаяқтар ата-аналардың атынан жеке кабинетке кіріп, жөнелтпе хаттарды алады", - деп жазды Бектұрова.

Сондай-ақ, ол кез келген ата-ананың балабақша кезегіне қатысты ақпаратты өз құжаттарының жеке мәліметтерін белгілемей-ақ, біле алатындығын еске салды.

"Естеріңізде болсын: балабақшадағы орынды жүйенің көмегінсіз алуға болмайды. Бірдеңе түсініксіз болса, білім басқармасының көмегіне жүгініңіз немесе өз өтініміңізді бот арқылы қалдырыңыз. Біреуге ақы төлеп, жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер. Өзіңіздің ЖСН-ді бөтен азаматқа бере отырып сіз пәтеріңізде белгісіз азаматтың тіркелгенін, атыңызға телефон нөмірінің тіркелгенін немесе несиеңіздің барын біле аласыз. Өз құжаттарыңыздағы мәліметтерді алаяқтардан сақтаңыздар", - деді қала әкімінің орынбасары

Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты елорда аудандары мен әкімдіктің құрылымдық бөлімдері басшыларының "Фейсбуктегі" парақшалары мен жеке ұялы телефондарының нөмірлерін жариялаған болатын.

Мұндай тапсырманы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети