Бүгін елорда әкімдігінде қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.
Бүгін елорда әкімдігінде қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.
Жиналыс жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, аудан әкімдері, қалалық ведомство басшылары, медициналық мекемелер мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.
"Қазақстанда 1 шілдеден бастап ресми түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Алғаш болып әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлем жүргізе бастады. Тұрғындар медициналық көмекті 2018 жылдың қаңтарынын бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы ала бастайды. Бұл реформаның маңыздылығы – әр Қазақстан азаматының қызығушылығы қамтылады. Сол себепті біз осы жиналысқа елорданың бизнес өкілдерін шақырдық", - деді әкім шараға қатысушыларға.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын елдегі жүргізіліп жатқан бұл реформаның маңыздылығы туралы айтты.
"Егер бүгін қазақстандықтардың денсаулығын зерттейтін болсақ, біз жақсы динамиканы байқаймыз. Мысалы, ұзақ өмір сүру ұлғайған, ана мен бала өлімі азайған деген секілді негізгі көрсеткіштер қуантарлық. Бұған қоса, тұрғындардың қартаюына байланысты аурулар құрылымы өзгеруде. Бүгінде ақша эквивалентінде медициналық қызметті тұтыну артуда", - деп атап өтті министр.
Министр қазіргі қолданыстағы бюджеттік модельмен салыстырғанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тімді тұстары көп: тұрғындардың денсаулығын қадағалау саласында тең жауапкершілік сақталады – мемлекет – жұмыс беруші – азамат, қолжетімділік теңдігі, әлеуметтік бағыттаушылық және МӘМС сипаты.
Жүйені кезеңімен енгізу тұрғындарға жаңа реформаға көшуге мүмкіндік береді.
Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс берушілер 1 пайыз бөліп отырады, 2018 жылдан әр қызметкердің еңбекақысынан 1,5 пайыз, 2020 жылдан – 2 пайыз, 2022 жылдан – 3 пайыз бөлінеді.
Жұмыскерлердің бөлуі 2019 жылдан - 1 пайыз, 2020 жылдан -2% құрайды. Өзін жұмыспен қамтығандар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, мамандандырылған медиаторлар, азаматтық-құқықтық келісімшарты негізінде қаржы алатын жеке тұлға 1 шілдеден 2 төменгі еңбекақыдан 5 пайыз бөледі (1 пайыз еңбекақы - 1414 теңге)
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрайымыЕлена Бахмутова талқылау кезінде жиналғандарға жүйенің барлық кезеңі туралы жан-жақты түсіндірді. Қор жетекшісі МӘМС аясында медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтып берді. Бұдан бөлек сарапшы міндетті ерікті сақтандыру мен жеңілдік қарастырылған тұрғындар санаты туралы баяндады.
"Егер адам жеңілдік санатында болса, онда оған төлем жасаудың қажеті жоқ, жеке кәсіпкер де АҚК бойынша да төлем жүргізбейді. Мемлекет бұл міндетті өзіне алады", - деп мәлімдеді қор жетекшісі.
Жаңа жүйе «мүмкіндігінше төлеу - қажеттілік бойынша алу» принципі бойынша жұмыс істейді, деп аяқтады Бахмутова.
Жиналыс қортындысы бойынша қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.