07 маусым 2019 09:26

Елордада 2826 сайлау комиссиясының мүшесі жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаланың сайлау учаскелерінде 2826 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 1109-ы саяси партиялардың мүшесі болса, 1399 - қоғамдық бірлестіктердің өкілі, сондай-ақ 318 адам жоғары сайлау комиссиялары тарапынан ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Сайлау комиссиясы мүшелерінің қатарына бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, саяси партиялар мен ҮЕҰ, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер және түрлі мекемелердің қызметкерлері кірді.

Елордада 238 сайлау учаскесі тіркелген, оның 204-і - ашық, ал 34-і - жабық. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардың санына байланысты 5-тен 11 адамға дейін анықталады.

"Сайлау комиссияларының мүшелері Президентті сайлау жөніндегі тиісті іс-шараларды өткізеді және сайлау күні учаскелерде дауыс беруді ұйымдастырады. Әрбір сайлау учаскесінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 2 бақылаушы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бақылаушылар тізімінде қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері және елода тұрғындарынан құралған 500 адам бар", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети