29 қаңтар 2019 12:25

Елордада балабақшаға орналастыруға блокчейн технологиясы қолданылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nashe-vse.info © nashe-vse.info

1 ақпаннан бастап кезек жүйесі мен балабақшаларға жолдама беру қала тұрғындарының пікірін ескере отырып оңтайландырылады. Жаңартылған жүйеде кезекті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылады. Бұл туралы әкімдік кеңесте Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру, 1-сыныпқа қабылдау, колледждерге қабылдау автоматтандырылған. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3-5 күннен 5-10 минутқа дейін қысқарды.

Сонымен қатар, бұл жүйе тұрақты жұмыс істемегендіктен, онда деректер дұрыс сақталмаған және қала тұрғындарынан көптеген шағымдар түскені айтылады.

"Осыған байланысты 1 ақпаннан бастап жүйе қала тұрғындарының пікірі мен қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, оңтайландырылады. Жаңартылған жүйеде кезекті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылады", - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Жаңа жүйеде басым бөлігінде балабақшаларды таңдау қарастырылған екен, бұл ретте ата-аналар өз таңдауын, оның ішінде жеке меншік балалар ұйымдарының пайдасына енгізу мүмкіндігін көріп, түзете алады.

Жұмыс принципі белгілі booking.com, uber немесе airbnb секілді платформалардың үлгісі бойынша негізделген, бұл ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдарда көрсетілетін қосымша қызметтердің рейтингі мен кеңейтілген тізімін ескере отырып, балабақшаларды таңдауына мүмкіндік береді.

"Интерфейс және функциялар барынша жеңілдетілді. Келесі айларда мектептер мен колледждердің функционалын қосамыз. Сонымен қатар, рейтинг, қосымша қызметтер және басқа сервистер негізінде ұйымды таңдауға болады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети