19 маусым 2015 14:05

Елордада жаңа жағажай пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада жаңа жағажай пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жаңа жағажай пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес, елордада жаңа жағажайдың құрылысы жүзеге асырылады. "Жазғы демалыс орны Күйгенжар ауылында салынады. Сыйымдылығы 2250 адамға арналады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде, қорытынды 10 шілдеде шығады деп күтіліп отыр. Ал келесі жылдан бастап пайдалануға беріледі.

Басқарма мәліметінше, жағажайдың бірнеше аумағы болады. Бірінші аумаққа жалпы ауданы 2,05 гектарлық акватория және ұзындығы 470 метрлік жағалау кіреді. Екінші аумаққа жалпы ауданы 1,46 гектар болатын құмшауыт жағажай енеді. Ол жерде шезлонг, қолшатыр, кереует секілді барлық қажеттіліктер орнатылады. 

Жағажайда мүмкіндігі шектеулі жандардың суға түсуі де қарастырылады. Осы мақсатта арнайы пандус жасалады. Балалар үшін тереңдігі 0,5-0,7 метрден аспайтын суға түсу аумаға болады. Қауіпсіздік мақсатында жағалау бойында құтқару мұнаралары салынады.

Сонымен қатар, тағы бір қосымша аумақ жасау көзделген. Оған халыққа қызмет көрсету мекемелері, демалыс орындары, үйлер, жасыл алқап, медпункт, құтқарушылар бекеті енеді. Белсенді демалысы ұнататындар үшін спорттық аумақ салынады. Бұл аумақта стритбол, үстел теннисі, скейтбординг, волейбол, шағын футбол, бадминтон секілді бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға болады.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети