30 қыркүйек 2016 14:55

Елордада "Жыл мұғалімі - 2016" конкурсының жеңімпазы марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда басшысының орынбасары көп жыл еңбек еткен мұғалімдер мен жас мамандарға өз қолынан қызметтік пәтердің кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Елорда басшысының орынбасары көп жыл еңбек еткен мұғалімдер мен жас мамандарға өз қолынан қызметтік пәтердің кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен жыл соңына дейін әкімдік осы дәстүрдіжалғастыратын болады. Меніңше, жыл аяқталғанша Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болатын мұғалімдер мен оқытушылар саны он есеге артады", - деді Ермек Аманшаев.

Салтанатты шара барысында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Үстіміздегі жылы №26 "Үміт" балабақшасы үздік деп танылды. Мектептер арасында Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі топ жарды.

"Қосымша білім беретін үздік ұйым" номинациясында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы көш бастады. Көлік және коммуникация колледжі үздік техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым атанды.

Мамандандырылған ұйымдардың ішінде №3 Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация үздік болды, ал №17 мектеп-гимназия инновациялық мектеп атанды.

Мұнымен қоса, №66 мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқытушысы Майя Жұбанышқалиева мен орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Қанипа Сәбитоваға "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі табысталды.

"12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы" МКҚК директоры Бақыт Қадырова, №6 мектеп-гимназиясының математика мұғалімі Татьяна Анисифирова, №36 ОМ география мұғалімі Лилия Быстрова, №15 мектеп-лицейдің француз тілінің мүғалімі Наталья Пашкова, Энергетика және байланыс колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Закирова ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен, "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети