1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елордада жылқылардың неден қырылғаны анықталды

Өлексе малдың табылған жері. © Видео кадрлары Өлексе малдың табылған жері. © Видео кадрлары

Нұр-Сұлтанда 28 жылқының неден қырылып қалғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің қызметкерлері жылқылардың өлексесі көліктен түсірілгенін анықтады. Жануарлардың өлімінің алдын ала себебі - жүк көлігінің жабық болуына байланысты ауа жетпеуі. Қазіргі уақытта Полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Полициядағылар қазіргі уақытта өлексенің полигон аймағына жеткізіліп, өртенгенін хабарлады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы жаңа мола маңында 28 жылқының өлексесі табылған. Олардың иесі әзірше табылмаған.