01 қараша 2019 09:41

Елордада оқытушының үстіне плитка түскен: Министрлік іспен айналысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Елордадағы Ұлттық университеттегі дауға Білім және ғылым министрлігі араласты. Осыдан үш күн бұрын елордадағы оқу ордасында оқытушының үстіне төбедегі плитка құлаған еді. Шошынған маман сабақты әрі қарай жалғастыра алмайтынын айтқанда, университет диспетчері мұны дәрісті үзудің амалы деп айыптаған. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылады.

Оқытушының айтуынша, ол бұл жағдайдан қатты шошып қалған. Бірақ қанша мазасы болмаса да, дәрісін толық аяқтағанын айтады. Үзілісте өз-өзіне келмек болған кезде университтегі мониторинг бөлімінің диспетчері "келесі сабақты баста" деп жағадан алды дейді. Ақыры "сабақты үздің" деп айып таққан. 

"Орта ғасырда өмір сүріп жатырмыз ба?! Жоқ, әлде өзіміздің құқымызды қорғай алмайтындай жеттік. Одан бәрі қорқады. Түгел оқытушылар, профессорлар, ол сонда немене еді, қолына қылышы тамған сталиндік замандағы жанкешті адам ба еді? Содан кейін оған шағымдар өте көп", - деді зардап шеккен оқытушы.

Телеарнаның мәліметінше, педагог қазір демалысқа шыққан. Ем алып жүр. Кафедрадағы әріптестері де оның айтқанын растайды. Әлеуметтік желіде олар университеттегілердің жазалау әдісі мен өздерін мазалаған мәселеге еш құлақ аспайтынын ашық жазған. Студенттер де бұл жағдайдан хабардар болып шықты.

"Ресми түрде мен ешқандай ақпарат қолымды жоқ. Біз ресми түрде хат, шағым күтеміз. Бірақ, дәп қазір ештеңе бұл туралы айта алмаймыз", - дейді Ұлттық университеттің ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры Бақытгүл Тұрарбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети