08 қараша 2018 14:43

Елордалық полицейлер үшін Ramada Plaza ғимаратын жөндеуге 1,6 миллиард теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер үшін бұрынғы Ramada Plaza қонақүйінің ғимаратын жөндеу жұмыстарын 1 миллиард 600 миллион теңге жұмсалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Елорда инфо".  Бұл туралы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында Астана полиция департаменті басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков хабарлады.

"Қазіргі уақытта полиция департаменті жеке құрамының жаңа әкімшілік ғимаратқа - бұрынғы Ramada Plaza қонақүй кешеніне көшуі бойынша мәселе шешілді. Бүгінде біз ғимаратты техникалық тексеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз. Демек, жобалық-сметалық құжаттама әзірлегеннен кейін күрделі жөндеу жүргізудің құны анықталады. Осыған байланысты "352-07 мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 миллиард теңге сомасындағы лимит шеңберінде 1 миллиард 600 мың теңгеге жуық қаражат резерві қарастырылған, бірақ жөндеудің түпкілікті құны жобалық-сметалық құжаттаманы алғаннан кейін белгілі болады", - деді Сабыр Жүсіпбеков.

Астана қаласы полиция департаментінің үш жылдық кезеңге арналған бюджеті 29 миллиард 186 миллион 167 мың теңге, 2019 жылға - 10 миллиард 175 миллион 245 мың теңгені.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети