18 қаңтар 2020 16:59

Елордалық Полиция департаменті 2019 жылғы жұмыс бойынша есеп берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: astana.gov.kz Сурет: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің және қала прокурорының бірінші орынбасары Берік Әбіловтің қатысуымен полиция департаментінің мәжілісі өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Нұр-Сұлтанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің және қала прокурорының бірінші орынбасары Берік Әбіловтің қатысуымен полиция департаментінің мәжілісі өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, Қазақстанның басты қаласындағы жағдай тұрақты деп танылды.

Елордалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың айтуынша, өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 5 720-ға азайған. Соның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, көлік ұрлау, бұзақылық секілді қылмыстар аз жасалған. Қоғамдық орындарда қылмыс саны 38,6 пайызға қысқарса, жасөспірімдер қылмысы 10,7 пайызға азайды.

Сонымен қатар, Ержан Сәденов елорда жолдарындағы күрделі жағдайды атап өтті. Өткен жылы зардап шегушілері бар 563 жол-көлік оқиғасы фактісі тіркелген, жолда 36 адам қаза тауып, 694 адам жарақат алған.

"Іске асыру апаттылық жағдайына оң әсер ететін түбегейлі шараларды қолдану қажет. Осыған байланысты, ІІМ-мен, қала әкімімен келісім бойынша елордада жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді және бекітілді. Ол тұрақ кеңістігін дамытуды, көше-жол желісін қайта жаңартуды, көлік айрықтарын және әртүрлі деңгейдегі жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды, адамдар көп жиналатын аудандарда жол блоктарын қолдануды, бұрылу үшін баламалы учаскелерді қамтамасыз етуді есепке ала отырып, жол қиылыстарында сол жақ бұрылыстарды болдырмауды қарастырады", - деді Полиция департаменті басшысы.

Ұрлықтың алдын алу және оны ашу басты міндет болып табылады. Бөтеннің мүлкін ұрлау 28,1%-ға төмендесе де, қылмыс құрылымында олардың үлесі әлі де көп. Ұрлық халықтың көп бөлігінің мүдделерін қозғайтындығы атап өтіліп, аталмыш қылмыс түрінің жолын кесу шаралары қарастырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының рөлі маңызды. Бас полицейдің айтуынша, 2020 жыл Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша "Учаскелік полиция инспекторларының жылы" деген ұранмен өтеді.

Қала әкімі орынбасары Б. Мәкеннің айтуынша қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін сақтау қала әкімдігінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта, әкімдік жанындағы құқық бұзушылықты алдын-алу Ведоствааралық комиссиясының отырыстарында ұйымдастырушылық және алдын-алу кешенді шараларын талқыланып, жүзеге асырылады.

Өз баяндамасын Бақтияр Мәкен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылған сөзімен қорытындылады.

"Полиция ашық болуы тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет. Осы мақсатта біз Елбасы бастаған құқық қорғау жүйесіндегі реформаны жалғастырамыз. Реформаның негізгі міндеті – қазақстандықтардың құқықтарын қорғау ісін мүлтіксіз қамтамасыз ету", - деп сөзін түйіндеді әкім орынбасары.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети