Елордалық тұрғын үйдің лифті неге істен шыққаны анықталды

10 Қыркүйек 2017, 14:27
0
Елордалық тұрғын үйдің лифті неге істен шыққаны анықталды - Иллюстрациялық сурет
Иллюстрациялық сурет

9 қыркүйек "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінде лифтінің жедел тоқтауы техникалық себептерден болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

18 және 16-қабаттарда тұратын тұрғындар 16-қабатта тоқтаған соң лифті 2-қабатқа дейін жедел түсіп барып тоқтаған нақтылады. Белгілі бір уақыттан кейін есігі өздігінен ашылып, тұрғындар шыққан. Бұл жағдайда зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнына қала әкімінің кеңесшісі, жергілікті полиция қызметкерлері жетті. Лифтілер жұмыс істеп тұрды. Жеделсатыны техникалық тексерістен өткізген соң жедел қозғалу кезінде апаттық тетік штаттық режимде іске қосылған. шұғыл қозғалыстың себебі арқан арасындағы түйінгебасқа зат түскен.

Еске салайық, таяуда "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінде лифтінің үзіліп кеткені туралы хабарланды.Әлеуметтік желі қолданушысы Астана әкімі Әсет Исекешевке өз шағымын білдірді. "20 минут бұрын біздің үйде лифт құлап кетті. Зардап шеккен адамдар бар. Бұл қашанғы жалғаса береді? Лифт компаниясымен мәселені шешуге көмек беруіңізді сұраймын! Гранд-Астана, F блогының тұрғындары сізден көмек сұрайды", - деп жазды Қымбат Ақжан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай