13 тамыз 2014 15:53

Емдік шөпті жинаушылар шекарашыларға оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews © мұрағатынан алынды Фото Tengrinews © мұрағатынан алынды

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында атыс болды, Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында атыс болды, Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай шекара отрядының қызметкерлері көрші елмен арадағы шекара сызығын кезекті мәрте тексеру барысында Қазақстан Республикасы аумағында үш атты адамның жүргенін көреді. Мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандарға бағытталып тоқтау туралы бұйрық берілгенде олар тұра қашып, жасырынған жерлерінде тұрып, шекарашыларға қарсы бес рет оқ атқан. 

Сол уақытта қазақстандық шекарашылар бір рет ескерту оғын жоғарыға атса, ал қалған екі оқты мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандарға қарсы бағыттап атқан. Атыс кезінде зардап шеккендер болған жоқ.

Ұсталғандардың екеуі Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталса, шекара тәртібін бұзған үшінші адам көрші елдің аумағына өтіп үлгерген. Белгілі болғанындай, ұсталғандардың екеуі де мал шаруашылығымен айналысады екен. Түсініктеме беру барысында олар қазақ елі аумағында емдік қасиеті бар шөптерді жинаумен айналысқан айтқан. Ұсталғандардың жеке заттарын тінту барысында олар өздерімен бірге қысқакалибрлі мылтық пен оған қажетті құралдарды алып жүрген. 

Осы іске байланысты құқық қорғау органдары құлақтандырылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети