22 наурыз 2014 11:25

Емізулі қызын қатты жылағаны үшін тоңазытқышқа қамаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

25 жастағы американдық өзінің алты апталық қызын қатты жылай берген соң тоңазтқышқа қамап қойған. Осы қылығы үшін ол сотталды, деп хабарлайды Russia Today телеканалы. Адам шошырлық бұл оқиға Вашингтон штатында болған. Тергеушілердің анықтауынша, емізулі қызының үнін өшіру үшін американдық оны ұрып, бір сағат бойы тоңазтқышқа қамап қойған. Осыдан кейін американдық асықпай барып қайтадан ұйқыға көшкен. Қыздың анасы үйге келгенде күйеуі нәрестені тоңазтқыштан алып шыққанын және құтқару қызметін шақырғанын көрген. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер "нәрестенің қолы мен аяғы сынған" деген диагноз қойған. Сондай-ақ, қыздың дене температурасы 29 градусты құраған. Осыған қарамастан нәресте аман қалған. Қатігездік қылмыс жасалғанын ескерген сот американдықты 16 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети