Ең көп қойылатын есімдер жаңа латын әліпбиі бойынша қалай жазылады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті үстіміздегі жылдың шілдесінде Қазақстанда биыл балаларға ең көп қойылған есімдерді атаған болатын. Ал Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. Ендігі кезекте осы ең көп таралған есімдердің жаңа әліпби жобасы бойынша қалай жазылатынын анықтап көрейік.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті үстіміздегі жылдың шілдесінде Қазақстанда биыл балаларға ең көп қойылған есімдерді атаған болатын. Ал Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. Ендігі кезекте осы ең көп таралған есімдердің жаңа әліпби жобасы бойынша қалай жазылатынын анықтап көрейік.

Сонымен, елімізде 2017 жылы ұлдарда Әлихан, ал қыздарда Айзере есімі көп қойылған. Жаңа әліпби нұсқасы бойынша бұл есімдер Aelihan және Ajzere болып жазылады. Олардан кейін қыздарда Айару - Ajarw, Раяна - Rajana. Ұлдарда Айсұлтан - Ajsultan, Нұрислам - Nurislam, Рамазан - Ramazan.

Ал ең сирек кездесетін есімдер келесідей. Қыздарда: Іңкәр - Ingkaer, Диана - Diana, Аяла - Ajala. Ұлдарда: Ислам - Islam, Дамир - Damir, Дінмұхаммед - Dinmuhammed.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолданушылары жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасы бойынша өз есімдерін жазып көріп жатыр. Бірі көзге үйреншікті болмағанын айтып жатса, екіншілері қазақтың төл дыбыстарының қос әріппен берілуіне наразы. Ал кейбірінің есімі оңай жазылғандықтан, еш қиналмағанын айтқан.

Жаңа латын әліпбиінің үлгісі:

Айта кетейік, мұның алдында әліпбиді құрастырғандар онда не себепті 25 әріп қана бар екенін түсіндірген еді. "Біз белгілер мен әріптерді санамауымыз қажет. Дыбыстарды санауымыз қажет. Барлық қазақ дыбыстары бар ма? Әліппедегі 42 әріп - қолдан жасалған. Мұндай дыбыстар қазақ тілінде жоқ. Бар болғаны 28 дыбыс. Айталық, ағылшын тілінде 44 дыбыс, олар оны 26 белгі арқылы қолданады. Ал бізде керісінше, 28 дыбыс бар да, 42 әріп жасап алғанбыз. Бұл дұрыс емес", - деп пікір білдірген болатын филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer