11 тамыз 2018 12:15

"Ең маңызды сәт" - Назарбаев Каспий саммиті жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда өтетін Бесінші Каспий саммитінің маңызы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда өтетін Бесінші Каспий саммитінің маңызы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Соңғы 20 жылда біз Каспий теңізіндегі барлығымызға орта жұмыстардың мәселелерін шешу үшін келіссөздер жүргізіп, өз позициямызды келістік. Бұл кеме қатынасы, ресурстар, биологиялық ресурстар мен одақтас мемлекеттермен сауда қатынасы сақтау", - деді Мемлекет басшысы Құрық портын таныстыру сәтінде. 

"Бүгінде осы мәселелердің барлығы шешілген. Біз ертең тарихи шешім болады деп күтеміз. Барлығымыз үшін өте маңызды сәт", - деді Қазақстан Президенті. 

Ақтаудағы саммит барысында Каспий теңізі құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылады деп жоспарланған. 

Назарбаевқа Құрық порты көрсетілді 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 10 тамызда Ақтауға ұшып келген еді. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді. 12 тамызда мұнда Бесінші Каспий саммитіне қатысады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети