02 шілде 2015 14:34

Енді Астанадан Таразға екі сағатта ұшып баруға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ank.kz © ank.kz

"Эйр Астана" елордадан Таразға дейінгі тікелей рейс ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның корпоративтік байланыс департаментіне сілтеме жасап. Астана-Тараз рейсі 1 шілдеден бастап іске қосылды.


"Эйр Астана" елордадан Таразға дейінгі тікелей рейс ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның корпоративтік байланыс департаментіне сілтеме жасап. Астана-Тараз рейсі 1 шілдеден бастап іске қосылды.

Департаменттің мәліметінше, рейс аптасына 4 рет Эмбраер Е-190 ұшағымен орындалады: дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. Ұшу кестесі мынадай:

КС339 рейсі Астанадан 13.55-те ұшып шығып, Таразға 15.55-те жетеді (дүйсенбі, сәрсенбі);

КС340 рейсі Тараздан 16.55-те ұшып шығып, Астанаға 18.40-та жетеді (дүйсенбі, сәрсенбі);

КС339 рейсі Астанадан 10.10-да ұшып шығып, Таразға 12.10-да жетеді (бейсенбі);

КС340 рейсі Тараздан 13.10-да ұшып шығып, Астанаға 14.55-те жетеді (бейсенбі);

КС339 рейсі Астандан 13.10-да ұшып шығып, Таразға 15.10-да жетеді (сенбі);

КС340 рейсі Тараздан 16.10-да ұшып шығып, Астанаға 17.55-те жетеді (сенбі).

Айта кетейік, эконом-класстағы ұшақ билеттерінің минималды құны, барып-қайтуды және қызметтіктен өзге барлық алымды қоса есептегенде - 29 739 теңге, ал бизнес-класс - 103 839 теңге.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети